Сенат отырысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептеріне қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz .
Қазиевтің дерегінше, 2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапқан. Оның ішінде 78 сарбаз – 2020 жылы, 96 – 2021 жылы, 85 – 2022 жылы. 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушы өмірден өтті. Сондай-ақ, жалпы өлім-жітімнің 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болып отыр.
"Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елімізде 17 631 суицид және 21 332 суицид әрекеті тіркелді. Яғни, 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 әрекеттен келеді. Оның ішінде 86 суицид және 20 суицид әрекеті әскерде болған. Яғни, 10 000 әскери қызметкерге шаққанда алты суицид және бір суицид әрекеті. Демек, әскерде өз-өзіне қол жұмсау деректері жиі болады деген қоғамдық пікір ресми деректермен расталмайды", – деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.