$ 486.44  534.31  5.06

Тоқаев: «Еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек»

Сондықтан нақты іс-шараларға баса мән беру керек.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте елдегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жуырда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Үкімет қайта жасақталды. Осылайша ауқымды саяси өзгерістің алғашқы кезеңі аяқталды деп айтуға болады. Біз билік тармақтарының тепе-теңдігін орнықтырдық. Енді еліміздегі қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құруымыз керек, - деді Президент.

Тоқаев атап өткендей, жұртшылық бұл реформаларға зор үміт артып отыр. Сондықтан нақты іс-шараларға баса мән беру керек.

Мен Парламент сессиясының ашылуында заңнамалық тұрғыдан шешілуге тиіс бірқатар мәселені атап өттім. Бүгін әлеуметтік-экономикалық саладағы мақсат-міндеттерді айқындап алуымыз керек. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер соған сүйеніп жұмыс істейді. Осы басқосуға мәслихаттардың өкілдері қатысып отыр. Бұл да – нақты саяси өзгерістердің нышаны, - деп айтты ол кеңесте.

Мемлекет басшысының сөзінше, атқарушы және өкілді билік арасында тиімді қарым-қатынас орнату өте маңызды. Қажет болса, олар бірін-бірі толықтырып, қолдап отыруы керек.

Мұның бәрі мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ел мүддесін ескере отырып шешім қабылдауға жол ашады.

Бұған дейін Президенттің төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары