19.04.2023, 10:40

Солтүстік Қазақстанда қабірді қорлағандар іздестіріліп жатыр

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Қабірді қорлаған адамдар іздестіріліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз біреулер ауыл зиратындағы қабірді қорлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 сәуірде Айыртау аудандық полиция бөліміне 61 жастағы Көкшетау тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, біреулер ата-анасының әруағын қорлап, қабірдің қоршауын ұрлап кеткен.

"Жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Зират Айыртау ауданындағы Жұмысшы ауылына жақын жерде орналасқан. Қабірдегі металл қоршаудың бір бөлігін сындырып, ұрлап кеткен", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қабірді қорлаған адамдар іздестіріліп жатыр.