Астанада 18 сәуірде Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рульге ие бола алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.