$ 498.55  524.28  4.75

«Олардың талабы үнемі өзгеріп отырады» – Мырзағалиев жаңаөзендік мұнайшылар туралы

Жалпы, бұл - бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек.
Фото: ulysmedia
Фото: ulysmedia

«ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жаңаөзендік жұмысшылардың талаптары үнемі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұндай мәлімдеме Мемлекет басшысының қатысуымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес барысында айтылды.

«Келіссөзге келген азаматтардың талабы - үш жылға келісім-шарт жасасу. Біз бұл талапты орындауға дайын екенімізді айттық. Жалпы, бұл - бизнес. Бизнесте бәсекелестік болуы керек. Мұнда бір компания жеңді, екіншісі жеңілді. Жеңімпаз компания «БерӘлі» қызметкерлерін жұмысқа алуға дайын екенін мәлімдеді («БерӘлі Маңғыстау Company» – еск.). Кейін жұмысшылар бұл компаниядан бас тартты», деп түсіндірді  Мырзағалиев.

Бұл ретте «ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы мұнайшылар неге тек келісімшартпен жұмыс істейтінін түсіндірді.

«Бұған дейін тендерлік келісім бір жылға жасалған. Енді үш жылдық келісімшартқа көшеміз деп шештік. Бұл тек «ҚазМұнайГаздың» ұстанымы емес. Жеке компаниялардың өз тәуекелдері бар. Үш жылға қол қойып, содан кейін инфляцияға байланысты құрал-жабдықтардың бағасы көтерілсе, қиын болады. Әрине, бұл әр кәсіпорынның дайындығына байланысты», деді Мырзағалиев.

Оның айтуынша мұнайшылардың талабы үнемі өзгереді. 

«Біз жұмыс істеуге дайын екенімізді айттық. Алайда олар «Өзенмұнайгазға» жұмысқа тұрғылары келетінін айтты. Бұл өте қисынсыз, мүмкін емес талап. Өйткені кезекте 9 мың адам тұр. «Өзенмұнайгазға» кірудің белгілі бір алгоритмі бар. Ең алдымен, коммуналдық кәсіпорынға жұмысқа тұру керек, содан кейін ғана кәсіпорынға жұмысқа тұруға болады», деп ойын аяқтады ҚМГ төрағасы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары