$ 486.44  534.31  5.06

Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген адам қамауға алынды

Ер адамның қасқырды өлгенінше сабағаны туралы желіде тараған болатын.
Фото: видео скрині
Фото: видео скрині

Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген ер адамды ұстады. Тұрғын бұл әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатын болады деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ер адамның қасқырды өлгенінше сабағаны туралы желіде тараған болатын. Ақтөбе облысының полицейлері талдау барысында кінәліні анықтады.

“Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ауданның 37 жастағы тұрғыны анықталды. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болғандықтан оны мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді”,- делінген хабарламада.

Полиция басқармасының мәліметінше, қазір ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары