20 сәуірде Күннің гибридті тұтылуы болады. Оның ерекшелігі – Жердің түрлі аймағының тұрғындары сақина тәріздес немесе толық тұтылуды көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айдың көрініп тұрған көлемі Күннің көрінетін көлемімен бірдей болады.
Жерден Айға дейінгі арақашықтық көп жерде Ай Күннен кіші болып көрінеді де, сақина тәріздес тұтылуды байқауға болады.
Ал арақашықтық аз жерде Айдың көлемі Күнмен бірдей бөліп көрінеді де, оны толықтай жабады.
Мұндай тұтылу соңғы мәрте 2013 жылы болған.
Толық тұтылуды Аустралия мен Индонезияның кей аралдарының тұрғындары көреді, сақина тәріздес тұтылу Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде көрінеді.