"Павлодарэнерго" АҚ бас директоры болып Беларусь елінен келген маман Олег Шемель тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен компанияның бас директоры болып Шемель О.А. тағайындалды", - делінген KASE хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Вадим Лесин "Павлодарэнерго"АҚ бас директоры қызметін атқарған.