$ 486.44  534.31  5.06

Елімізде балаларға арналған арнайы SIM-карта енгізілуі мүмкін

Ол карталар ата-аналардың телефоны арқылы бақыланады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда балалар SIM -картасын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Арнайы карта арқылы ата-аналар балаларын бақылай алады және олардың интернеттегі уақытын шектей алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжіліс отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, болашақта бұл ұсыныс заңнамалық деңгейде бекітілуі мүмкін.

«Біз балалар SIM-картасын енгізуді ұсынып отырмыз, ол карталар ата-аналардың телефоны арқылы бақыланады. Егер бала SIM-картасы арқылы интернетке қосылса, ата-анасының рұқсатын сұрауы керек. Яғни, ата-анаға сол сәтте хабарлама келеді. Осылайша ата-ана баланың қай сайтқа, қандай әлеуметтік желіге кіретінін бақылай алады», - деп атап өтті Еділ Оспан.

Оның айтуынша, балалардың SIM-картасы телефонның экран уақытын шектеуге де мүмкіндік береді.

«Біз балалардың қауіпсіздігін ойлайтын Оқу-ағарту министрлігі ретінде осындай ұсыныс жасап жатырмыз. Техникалық мүмкіндіктерді зерттей келе, біз осы дұрыс шешім деп санаймыз, өйткені бұл  өте өзекті мәселе болып отыр. Кімнің мектеп жасындағы баласы болса, қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Біз айталық, балаларымыздың денсаулығына, жалпы біліміне қауіпсіз «таза» сайттарда отыруын қамтамасыз етуіміз керек», - деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл ұсыныстарды мемлекеттік органдармен талқылау, одан кейін халыққа ұсыну жоспарланып отыр. Ал болашақта балалардың SIM-картасын заңнамалық деңгейде бекіту көзделіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары