$ 486.44  534.31  5.06

Елімізде балалар мен жеткіншектерді көбіне өз туыстары мен жақындары зорлайды

Мәселе балаларды кім зорлайды деген сұраққа келіп тіреледі.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев зорланған балалардың 77%-ы әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстарынан зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілісте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арналған жиында Нартай Сәрсенғалиев статистикалық мәліметтерді келтірді.

2019 жылы Қазақстанда құқық қорғаушылар 2800 зорлаушыны, балаларды зорлаған 1350 педофилді тіркеді. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеп жатқан. Сол жылы бас бостандығынан айыру орындарындағы 50 педофил босатылды деген ақпарат тарады.

"Мәселе балаларды кім зорлайды деген сұраққа келіп тіреледі. Кім педофил болады деген сұрақтың жауабына қарасақ, зорланған балалардың 77%-ын сол үйдегі әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстары зорлаған деген мәлімет аламыз", дейді Нартай Сәрсенғалиев.

Мұнымен қалай күресу керек деген ұсыныстардың ішінде ол мектеп психологтарын, мамандарды көбейтуді, әлеуметтік мұғалімдер мәселесін реттеуді атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары