$ 498.55  524.28  4.75

Еліміздің тоғыз өңірінде үсік жүреді

Көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.
Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Синоптиктер 22 сәуірдегі қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 облысында ескерту жариялады деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде суық ауа температурасы сақталады: -1-6 °C. Талдықорғанда түнде суық болады: -4-6°C.

Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, екпіні – 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.  түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары