18.01.2017, 03:36

Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2017 жылы 1 қаңтарда халық саны 32 миллион 121 мың 100 адам болған. Өзбек ғалымдары мұндай өсімді 2020 жылға таман күткен еді.

2016 жылғы өсім 1,7 пайыз – 545 мың 800 адам. Қалаларда 16 миллионнан астам адам (50,6 пайыз), ал ауылда – 15 миллион 882 мың 600 адам (49,4 пайыз) тұрады.

Өткен жылы 275 мың неке тіркелген, бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 12 мыңға аз. Былтыр 29 мың 400 отбасы ажырасқан.