22.04.2023, 16:30

Каспий теңізінде жер сілкінді

Фото: pixabay
Ақтаудан 405 шақырымдай жерде болған.

Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының (ANAS) хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балл болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Су астындағы жер сілкінісі 21 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде болған. Гипоцентр 56 шақырым тереңдікте болғаны айтылады. Гипоцентр координаттары – 40°1′12″ солтүстік ендік, 51°42′0″ шығыс бойлықта.