Негізгі өндіріс Қостанай (6,8 мың тонна) және Солтүстік Қазақстан (6,7 мың тонна) облыстарында, Шымкентте (6,3 мың тонна), Батыс Қазақстан облысында (5,4 мың тонна) және Астанада (5 мың тонна) шоғырланды. Аталған бес аймаққа сектордағы барлық өндірістің 77%-ы тиесілі болды, деп жазады Inbusiness.kz.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында сектордағы өндіріс 166,1 мың тоннаны құрады.
Еуроодақтағы макарон өнімдерін өндіруші ұйымдар одағының макарон өнімдерін тұтыну бойынша елдердің рейтингісіне сәйкес Италия көш бастаса (2021 жылы жан басына шаққанда 23,5 кг), екінші орында Тунис (жан басына шаққанда 17 кг) тұр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде 2021 жылы жан басына шаққанда макарон өнімдерін тұтыну 18 келіні құрады. Бұл Тунистегі көрсеткішке қарағанда көп, АҚШ-тан екі есе артық. 2022 жылы тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда 17,3 келіге дейін төмендеді. Алайда бұл басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары болып отыр.
Наурыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдерінің бағасы бір жылда 35,1%-ға өсті. Оның ішінде лапша 36,2%-ға, вермишель 35%-ға, рожки 33,2%-ға қымбаттады.