Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы жағдайлары сақталады: жел күшейіп, тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар, республиканың көп өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 18 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 18 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 18 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 18 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.