24.04.2023, 17:00

Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімі белгілі болды

Фото: olympic.kz
Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан ерлер командасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы "Алма-Тау" базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар батасын беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.

астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар: 48 кг: Санжар Тәшкенбай 51 кг: Сәкен Бибосынов 54 кг: Махмұд Сабырхан 57 кг: Серік Теміржанов 60 кг: Талғат Сырымбетов 63,5 кг: Санатәлі Төлтаев 67 кг: Дулат Бекбауов 71 кг: Асланбек Шымбергенов 75 кг: Нұрқанат Райыс 80 кг: Нұрбек Оралбай 86 кг: Сағындық Тоғамбай 92 кг: Айбек Оралбай + 92 кг: Қамшыбек Қонқабаев

"Бұл әлем чемпионатына баратын үміткерлерді біз ұзақ уақыт әрі тиянақты іріктедік. Жыл басынан бері бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткіздік, жігіттерді түрлі жарыстарға апардық. Әр боксшыға қатысты сараптама жасадық, сондықтан, әрқайсысының шамасын білеміз. Әлем чемпионатына бірінші рет қатысатын 3 былғары қолғап шеберіміз бар. Олар жас болса да, тәжірибесі толысқан, бокс әлемінде алар орындары бар. Халықаралық аренада намысты қолдан бермейді деген сенімдемін" - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

Федерацияның атқарушы директоры Марат Мықтыбековтің айтуынша, боксшылардың дайындығына бар жағдай жасалған.

"Бапкерлік құрам боксшыларды әлем чемпионатына жақсы дайындықпен апара жатыр. Дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрлігі, Кеңес Рақышев басқаратын Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Боксшылар мен бапкерлер олардың өнерін бүкіл Қазақстан тамашалайтынын біледі, сондықтан жауапкершілікті түсінеді. Құрамамызға сәттілік тілейміз", - деп атап өтті Мықтыбеков.

Тегтер: Ташкент