$ 490.84  536.88  5.04

Қызылжарда өзге елдерден заңсыз жолмен әкелінген балалар табылды

Жедел тергеу тобы құрылды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Петропавлда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 сәуір СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттары болмады", - делінген хабарламада.

Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты аталған факті 19 сәуірде ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, соталды тергеу басталды.

Жедел тергеу тобы құрылды. Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алынып жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары