$ 481.84  531.33  5.07

Мәсімов ұсталғаннан кейін көп нәрсе өзгерді - депутат

Бүгінгі үкім мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысты тергеуге нүкте қойды.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаты, саяси бақылаушы Никита Шаталов Telegram-арнасында ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты үкімге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шаталов Мәсімовке (мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін 18 жыл) және оның сыбайластарына мемлекеттік жүйеге қастандық жасағаны үшін әділ жаза деп атады.

"Қаңтар оқиғасының алғашқы күндері-ақ олардың артында дайындалған және білетін біреу тұрғаны анық болды. Қарулы адамдар қару-жарақты оңай тауып, ҰҚК департаменттерін қарсылықсыз басып алды, арсеналға қолжеткізе отырып, нақты жоспар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, басқа мемлекеттерден содырлардың әкеліну деректері туралы білеміз. Соңғы рейс Алматы әуежайын басып алған кезде болды", - деп жазды Мәжіліс депутаты.

"Алматыдағы ұрыс қимылдарына әсеріне байланысты Мәсімовтің тұтқындалған сәті жақсы есімде. Олар көшбасшысы мен үйлестірушісінен айырылып, бірден құлдырауға кетті. Құқық қорғау органдары мен әскер қалыпты жұмыс істей бастады, оларға ешкім кедергі келтірмеді, Президент Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде нақты пәрмендер берді, жағдай тез өзгерді. Біз тез арада дерлік мемлекет ретінде қалыпты жағдайға оралдық", - деді ол.

Шаталовтың пікірінше, Мәсімов ашықтан-ашық опасыздық жасап, мемлекеттік құндылықтарға сатқындық жасады.

"Бүгінгі үкім мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысты тергеуге нүкте қойды. Бұл ҰҚК экс-басшысының басқа достарының барлығына сабақ болуы керек", - деп түйіндеді сөзін Никита Шаталов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары