$ 482.77  509.71  5
Жаңалықтар 25.04.2023 сағат 12:00

Керекуде кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Керекуде кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды
Фото: CC0 / M Ameen /

20 сәуір күні Павлодар қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау жұмыстары кезінде шала туған нәресте табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде жқмысшылар шала туған ер баланың денесін тауып алған.

«ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес "адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар