26.04.2023, 16:00

Алматы облысында қонақүйден әйелдің мәйіті табылды

Фото: Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы өзбек азаматы ұсталып, қамауға алынды.

Алматы маңындағы қонақүйлердің бірінде өзбекстандық әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 20 сәуірде болған.

"20 сәуірде сағат 14:25-те Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен 26 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 99-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді", - дейді ведомство.

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы өзбек азаматы ұсталып, қамауға алынды.