Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Табиғат апаттары мен төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) ақпараты бойынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 7:48-де тіркелген.
Зілзала эпицентрі Саимбейли ауданында орналасқан. Ошағы 7 шақырым тереңде жатыр.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында қуаты жеті балдан асатын екі зілзала болды (жергілікті уақытпен 04:17-де - 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл).
Жойқын зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты.
Жер сілкінісі көршілес елдерде, оның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, грекиялық Кипр мен Иракта сезілді.