Шымкентте әйел ер адамды пышақтап, полицияға өзі хабарласқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде болған.
"1994 жылы туған азаматша өзімен бірге тұратын 1992 жылы туған азаматты қасақана өлтіргені туралы хабарлама түсті. Екеуінің арасында тұрмыстық жанжал туып, салдарынан әйел ер адамның кеуде тұсынан асүй пышағымен ұрған. Ер адам сол жерде қайтыс болды", – дейді ведомство.
Қылмыстық факт бойынша іс ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша полицияда тіркелді. Сот сараптамалары жасалады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.