26.04.2023, 21:30

Си Цзиньпин мен Владимир Зеленский сөйлесті

Коллаж: Азаттық рухы
Зеленский Twitter-де әңгіме «ұзақ және мағыналы болады» деп жазды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды талқылап, Украинадағы дағдарыстық жағдайға қатысты пікір алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай Украинада атыс-шабыстың тезірек тыйылуына мүдделі екенін атап өтті.

«Қытай қысқа мерзім ішінде келіссөздер процесіне және атысты тоқтату шараларына батыл ат салысатын болады», деп телеарна Қытай көшбасшысының сөзін келтіреді.

Зеленский Twitter-де әңгіме «ұзақ және мағыналы болады» деп жазды.

«Бұл сөзталқы, Қытайда Украина елшісінің тағайындалғаны секілді, біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына күшті серпін береді деп санаймын».

Қытай теледидары Си Цзиньпин Зеленскийге Украинаға өз өкілін жіберетінін айтқанын хабарлады.

Бұл - өткен жылдың ақпан айынан бері екі ел көшбасшыларының алғашқы әңгімесі.