5-6 тамыз күндері батыс облыстардың жеке аудандарда қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жауатындығына қарамастан, температура жазға сай түнде +12...+20º, күндіз +25...+33º болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Қазгидромет» таратқан мәліметтерге сәйкес, осындай ауа-райы батыс облыстарында 5-6 тамыз, шығыста 6-7 тамызда күтілуде. Қалған аумақтарда ала бұлтты, жауын-шашынсыз және ыстық - оңтүстікте және оңтүстік-батыста +33...+41º, оңтүстік-шығыста +30...+38º.