$ 448.15  483.46  4.86

«Астана Опера» жас та дарынды балаларды іздейді

«Астана Опера» театры балалар студиясына жас дарындарды қабылдауға байқау жариялайды. Құжаттар қабылдау тамыздың 1-нен 30-на дейін жүргізіледі, деп қабылдайды «Қазақпарат».

Бұл туралы театр сайтында хабарланған. Конкурстық тыңдау биылғы 6-7 қыркүйек аралығында өткізіледі. Опера студиясына (хор, оркестр) үміткерлердің жас мөлшері 7-16 жас, балет студиясына үміткерлердің жас мөлшері 8-10 жас аралығында.

Оқу ақылы негізде, айына 10 000 теңге, бір отбасынан екі бала өткен жағдайда, екінші балаға оқудың құнын төлеуде 50 пайыз мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Шарт 2015 жылғы 31 шілдеге дейін жасалады.

Конкурс шарттары туралы www.astanaopera.kz сайтында таныса аласыздар. 2 қыркүйекте үш бағыт – балалар хоры, балалар оркестрі, балалар балеті бойынша конкурстық тыңдауға өткен қатысушылардың тізімі жарияланатын болады.

Айта кетейік, театрдың балалар студиясы өз жұмысын 2013 жылғы қарашада бастады. Өткен маусымда 5-16 жас аралығындағы 150-ге жуық балалар мен жасөспірімдер опера, балет, аспаптар ансамблі бағыты бойынша өнер көрсетті.

Студиядағы сабақтар тек қана оқуды емес, сонымен қатар «Астана Опера» театрының ағымдық репертуарындағы спектакльдерге қатысу жұмыстарын қамтыды. Балалардан құралған кәсіби ұжымдар музыкалық ертегілерді орындап, концерттерге, опералық және балет спектакльдеріне қатысады. Жас әртістер бірнеше рет «Астана Операның» камералық залының сахнасында атақты қазақстандық қайраткерлермен, сондай-ақ жеке концерттерінде өнер көрсетті, Дж. Пуччинидің «Богема», «Тоска» операларына, Минкустың «Дон Кихот» балетіне қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары