$ 521.9  593.5  6.39

«Үрей тудырып жатыр»: Қызылорда облысында жел салдарынан құм көшіп, астынан адам денесі шыққан

Жел болғанның да пайдасы бар екен.
Фото: facebook.com/LyazzatBaktibayeva
Фото: facebook.com/LyazzatBaktibayeva

Қызылорда облысында жел салдарынан құм көшіп, арасынан адам мәйіті табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Facebook-те Ләззат Бақтыбаева айтты. 

"Жел болғанның да пайдасы бар екен. Бірнеше күннен бері тоқтамаған желдің салдарынан, құм көшіп, "Арал - Газ" және Белкөлдегі поезд отстойы маңынан адам мәйіті табылғаны туралы What’sApp арқылы тараған фотолар халық арасында үрей тудырып жатыр", - деп жазды ол. 

Бұл ақпаратқа Қызылорда қалалық Полиция басқармасы пікір білдірді. 

"Бұл жарияланым бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша хабарланатын болады", - делінген жауапта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары