28.04.2023, 10:00

Қостанайда 85 жастағы зейнеткер терезеден құлап көз жұмды

Фото: alau.kz
Тергеу-жедел тобы оқиға орнында жағдайды анықтап жатыр.

Қостанайда зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 27 сәуірде Көбеев көшесінде болған. 85 жастағы зейнеткер бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Қарт әйел қайтыс болды.

Полицейлер қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы оқиға орнында жағдайды анықтап жатыр.