Танымал блогер Сәкен Қағаров Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында велоспедпен құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы блогердің өзі Instagram-парақшасында айтты.
"Бірінші рет осылай құлап тұрмын. Қолдау білдірген адамдарға рақмет! Бірақ енді біраз уақыт велосипед айдай алмайтын болдым", - дейді блогер.
Сәкен Қағаровтың сөзінше, оның бүкіл денесі көгеріп қалған.
"Құлаған кезде 10 минут есімнен танып қалдым. Алдағы айларда спортпен айналысуға мүлде болмайды", - деп жазды спортшы.