28.04.2023, 17:40

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін ауруханаға түскен екі адам қаза тапты

Фото: nege.kz
Бұған дейін оқиға орнында 4 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Бұған дейін оқиға орнында 4 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі хабарлады.  

1972 және 1977 жылы туған ер адамдар жарылыстан соң облыстық көпсалалы ауруханаға ауыр халде жеткізілген.

"Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Барша туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.