Қытай Халық Республикасының төрт азаматы Алматы қаласы әуежайында рейстен түсірілді.
Полиция мәліметінше, олар масаң күйде болып, айналадағы адамдардың мазасын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 26 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Air Astana компаниясының өкілінен Алматы – Атырау рейсімен ұшпақшы болған жолаушылар тұралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында Қытайдың 28, 32, 38 және 42 жастағы азаматтары анықталды.
"Арыз түсірушінің айтуынша, рейске тіркелу кезінде олар өздерін дөрекі ұстаған, масаң күйде болған, балағат сөздер айтып, ортақ пайдалануға арналған орынды ластаған.
Медициналық куәландыру нәтижесінде құқықбұзушылар "орташа" дәрежедегі алкогольді масаң күйде болғаны анықталды.
Шетел азаматтарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (17 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.
Іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды", - делінген полиция мәліметінде.