$ 524.58  551.91  4.93

«Астананы дереу газдандыру қажет»: Министр дабыл қақты

Елімізде тұрмыстық өрттер саны артып келеді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Тілсіз жаудың көбеюі жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне, электр сымдарының нашарлығына және үй-жайлардың тұрғын үйге жарамсыздығына байланысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Астана халқымен кездесуде министр соңғы жылдары Елорда пешпен жылытудан газбен жылытуға кезең-кезеңімен көшіп келе жатқанын, алайда қарқынын жеделдету қажет екенін атап өтті

«Статистикаға сәйкес, орталық газбен жабдықтауға 8 мыңға жуық абонент немесе олардың жалпы санының 26%-ы қосылған. Және бұл жеткіліксіз. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй секторын газдандыруды аяқтау және алдағы жылыту кезеңіне дайындық қажет екенін атап өткім келіп отыр,- деді Ильин.

Оның айтуынша, Астанада 5 мыңға жуық ескірген және апатты үйлер бар (жалпы санының 17%), жылыту және электрмен жабдықтау жүйелері, әдетте, жарамсыз және өрттің туындау қаупін тудырады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында электр жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық пайдалану салдарынан Астанада өрт саны 26%-ға, тұрмыстық аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен — 44% - ға өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары