$ 484.11  528.79  5.03

«Лаңкестік қаупі»: Жедел штаб астаналықтарға «Нұрлы жол» вокзалындағы жағдай туралы ескерту жасады

Теміржол вокзалының қоршауында шектеу шаралары қарастырылған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Бүгін «Нұрлы жол» вокзалы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«29 сәуірде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалы (М. Тынышбайұлы көшесі, 8) жағдайындағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның мақсаты – жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.

Жаттығу әр түрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақындатылған.

Теміржол вокзалының қоршауында шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штаб хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары