29.04.2023, 18:30

Екібастұзда тағы төтенше жағдай жарияланды

Фото: egemen.kz
Кеше Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылған болатын.

Көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өртке байланысты Екібастұз қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған шаһар басшысының шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі №2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Дүйсембайұлы Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын», - делінген Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің шешімінде.

Құжат 17 мамырға дейін көпшілік талқысында болады.

Еске салайық, кеше Екібастұзда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам құтқарылған болатын.