$ 498.34  519.72  4.85

Су тасқыны: 4 өңірде қатердің алдын алмаған шенеуніктер жауапқа тартылды

Қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданатын болады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

4 өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамаған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған.

«2022 жылғы су тасқыны кезеңінің салдарын тергеу қорытындысы бойынша жоспарланған су тасқынына қарсы жұмыстардың, оның ішінде 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы іс-шараларының орындалмауына жол бергені үшін Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Бірінші вице-премьердің атап өтуінше, осы жылдың сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы әкімдігінің, оның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жер учаскелеріне құқық беру және құрылыс мәселелері бойынша қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерге сыртқы талдау жүргізу жөнінде комиссия құрды. Тексеру барысында комиссия табиғи төтенше жағдайлар (сырғыма, су тасқыны, селдер және т.б.) ықтимал қауіп төндіретін учаскелерде тұрғын үйлер салуға жер учаскелерін және рұқсат құжаттарын бөлу мәселелерін қамтыды. Нәтижелері бойынша жергілікті және орталық мемлекеттік органдар үшін тиісті ұсынымдар әзірленеді.

«Сонымен қатар, осы жылғы наурыз-сәуірде Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасын орындау аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет Аппараты және орталық мемлекеттік органдар қызметкерлері санынан құрылған жұмыс топтары еліміздің барлық өңірлерінің 2023 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлігіне талдау жүргізді. Қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар қабылданатын болады», - деді Роман Скляр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су тасқыны