$ 444.14  477.05  4.85

Шавкат Рахмонов туралы толығырақ

Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмонов.
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Жеңілмеген қазақ жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 1994 жылдың 23 қазаныданда Өзбекстанның оңтүстігіндегі Шурчи елді мекенінде дүниеге келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

16 жасында спортшының отбасы Қазақстанның орталығы – Қарағанды қаласына қоныс аударады. Мұнда оның әуесқойлық жаттығуларын бастауға мүмкіндігі болды. Жауынгерлік өнерге деген құштарлық, басқалар сияқты, бокстан басталды, бірақ кейінірек баланың жаттықтырушысы күрес базасын зерттеу қажет екенін айтты. 

Ата-ана және отбасы

Спортшының отбасы туралы дерек аз, бірақ Рахмоновтың өзі ата-анасы туралы үлкен құрметпен қарайтынын айтады. Туыстары мен достары әрқашан шет аймақтарда өмір сүрді, олар балаларға қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр болды. Ата-анасы баланың бойында жауапкершілік, тәртіп пен еңбекқорлық сезімін оятып, оның спортта биік шыңдарға тез жетуіне көмектесті.

Рахмонов қоныс аударғанда көп қиындықтарға тап болағынын Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтқан болатын.

«Базарда жүк тасушы болып жұмыс істедім. Отбасымыз қарапайым. Қазақстанға келген кезде тіл білмедік. Түрлі жерде жұмыс істеуге тура келді, кез келген жұмысты алдық. Базарда екі не үш жылдай жүрдім. Сол уақытта жаттығуға да баратынмын. Жұмыстан келемін де, киімдерімді алып, жаттығуға кететінмін. Кейде бір күнде екі жаттығу болатын: бокс пен самбо. Ондай кездер де болды», - деді Шавкат.

Шавкат үйленген, бір қызы бар.

Шавкат KAZMMA Live Channel YouTube-арнасына берген сұхбатында өзін өзбек ұлтының өкілі деп санайтындарға жауап берген болатын. 

«Әкем - қазақ. Ұлтым - қазақ. Өзбекстанда тудым. Атамның аты - Рахман. Сондықтан Өзбекстанда мені Рахмонов деп жазып қойған. Шавкат - Қазақстанда танымал емес араб есімі. Сондықтан мұнда «ұлтың қандай?» деген сұрақ көп қойылады. Екінің бірі соны сұрайды. Мені өзбек не тәжік деп ойлайды, бірақ мен қазақ екенімді айтамын», - деді ол.

Мансап және жетістіктер

Алғашқы жаттығулар қарапайым гимнастыкалық залында өтті. Табиғаты бойынша бұл талантты күрескер үшін жеткілікті болды. 18 жасында Шавкат кәсіби тұрғыдан қалыптаса бастады. Ол қазақстандық турнирлер қоржынындағы жекпе-жектерге, сондай-ақ M-1 Global Challenge турнирлері аясындағы азиялық жарыстарға қатысты.

13-0 жеңіліссіз сериясы бар, бұл оны UFC немесе басқа әлемге әйгілі федерациялар үшін пайдалы перспективаға айналдырады;

2013 жылы WMMAA бойынша жасөспірімдер арасындағы ең жас чемпион атағын алды;

Кәсіби тордағы дебютін бір жылдан кейін ол M-1 Global чемпионы атанды.

Шавкат 2019 жылы ең танымал ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды. Ол беделді ұйыммен келісім шартқа отырған бірінші қазақстандық болды.

Рахманов UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) мерзімінен бұрын жеңген.

Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов бұл ұйымның жартылай орта салмақтағы рейтингінде 6-орында тұр, әрі ең перспективалы файьерлерінің бірі саналады.

Мемлекет тарапынан қолдау

Спортшымыз Джефф Нилді жеңгеннен кейін Мәдениет және Спорт министрі қабылдып, Шавкатқа Спортты қолдау қорынан қаржыландыру бөлінетінін мәлімдеді.

«Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін Спортты қолдау қорынан қаржыландырылатын болады.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін», - деді министр.

Шавкаттың президентпен кездесуі

Астанадағы Наурыз мейрамы кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкатты мақтан тұтатынын айтып, Ақордада жеке қабылдайтынын айтты.

«Таяу арада сені қабылдаймын. Жарайсың! Сені мақтан тұтамыз!» - деді Президент.

Өз кезегінде Ш. Рахмонов Президентпен болған кездесудің әсерімен бөлісті. 

«Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентімен кездестім. Президенттің қарапайымдылығы маған өте қатты ұнады. Жеке қабылдап, жүздесетінін атап өтті. Өте қуаныштымын. Алға, Қазақстан!» - деді ол.

Мемлекет басшысы уәдісін орындап Шавкат Рахмоновты Ақорда сарайында қабылдады. Президент оған өзі секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары