02.05.2023, 21:30

Жансая Әбдімәлік күйеуімен қалай танысқанын айтты

Фото: Instagram/zhansaya_abdumalik
Ол өзінің жұбын тапқанына ата-анасы да, ата-әжесі де қуанышты екенін нақтылады.

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында өзіне қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде жан жолдасымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол болашақ күйеуімен ортақ досы таныстырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, 23 жастағы шахматшы жан жолдасының қолдауы барда ештеңеден қорықпайтынын да айтты. Ол өзінің жұбын тапқанына ата-анасы да, ата-әжесі де қуанышты екенін нақтылады.

Сөз соңында ол тұрмысқа шыққанына қарамастан спорттағы мансабын жалғастыра беретінін де қадап айтты. 

24 сәуірде Жансая Әбдімәлік той суреттерін жариялады. Танымал спортшының жұбы 34 жастағы Нұрахмет Нұриев болып шықты, ал ол 1 желтоқсаннан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы болып табылады.