03.05.2023, 16:40

Өскемен орталығында көлік өртенді (ВИДЕО)

1987 жылғы Volkswagen Golf көлігі Назарбаев даңғылы бойында уақытша тұрақта тұрған кезде өртенген.

Өскеменнің орталығында көлік өртенді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 3 мамырда 1987 жылғы Volkswagen Golf көлігі Назарбаев даңғылы бойында уақытша тұрақта тұрған кезде өртенген.

"Мамандандырылған отрядтың өрт сөндіру бөлімшелері екі шаршы метр алаңдағы өртті жойды. Өрттің алдын ала себебі - қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсызда жұмыс істеу, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деді ТЖД өкілдері.