$ 441.58  480  4.86

«Канело» Гиннестің рекордтар кітабына енді

"Канело" және оның алты бауыры "бір бокс кешінде ең көп күрескен бауырлар" деген сертификат алды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес нокаут бойынша емес, туыстарының саны бойынша рекорд орнатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Канело" және оның алты бауыры "бір бокс кешінде ең көп күрескен бауырлар" деген сертификат алды.

2008 жылы Мексикадағы Сапопанда рингке жеті Альварес шықты.

Саул Альварес (58-2-2, 39 КО), Ригоберто Альварес (27-4, 20 КО), Рамон Альварес (29-8-3, 16 КО), Рикардо Альварес (24-3-3, 14 КО), Гонсало Альварес (0-1), Даниэль Альварес (0-1) және Виктор Альварес (0-2) бақ сынауға шықты.

Олар Гиннестің рекордына енді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары