$ 442.05  474.14  4.74

Алматыдан ұшып шыққан ұшақтың 4 экипаж мүшесі астан уланып қалды

Аталған факті бойынша прокурорлық тексеру жүргізілді.
Фото: boredomfiles.com
Фото: boredomfiles.com

Алматыдан ұшып шыққан Air Charter Service (ACS) чартерлік авиакомпаниясының ұшағы экипажының төрт мүшесі бортта ұсынылған астан уланып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Дереккөздің хабарлауынша, 12 сәуірде Алматы қаласынан ұшқан рейстердің бірінде экипаждың төрт мүшесі борттағы тамақтан уланған", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша прокурорлық тексеру жүргізілді.

"Прокурорлық тексеру нәтижесінде Air Charter Service компаниясына айыппұл салынды. Цехта стафилококк табылды. Алматы қаласының прокуратурасы 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салды", - деп хабарлады дереккөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары