Желіде бұрынғы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев Астанаға ауыстырылады деген ақпарат пайда болды. Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қауесетке жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Талдықорған қалалық сотының Күдебаевқа қатысты үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта сотталушы Талдықорған қаласының №71 мекемесінде қамауда. Сотталған Күдебаевты мекемеге ауыстыру туралы ұйғарым түскен жоқ", – деп хабарлады ведомстводан.