$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан бокс федерациясы Сәкен Бибосынов жекпе-жегіне қатысты шағым жолдады

Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз.
фото: AFP 2023/LUIS ROBAYO
фото: AFP 2023/LUIS ROBAYO

Бұл жайында федерацияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Халықаралық бокс федерациясының (IBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегіндегі төрешілердің даулы шешіміне қатысты ресми шағым жолданды. Қазір IBA басшылығынан жауап күтіп отырмыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатын Сәкен Бибосынов екінші айналымда бастап, Үндістан өкілі, Азия біріншілігінің жүлдегері Дипак Кумардан ұтылып қалды.

Алайда спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық боксшының жеңілмегенін желіде жарыса жазуда. Олардың пікірінше, Сәкен Бибосынов бірінші және екінші раундта қарсыласынан басым түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары