Павлодарда бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Vita еріктілерінің мәліметінше, ол Мичурино ауылында 8 сәуірде Гурьев көшесінен орналасқан үйінен шығып кеткен.
"Өкінішке қарай, Надим Рүстемханов өлі табылды. Отбасы мен туған туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз", - деді еріктілер.
Ал 25 сәуір күні Екібастұз қаласында жоғалып кеткен 1987 жылы туған Александр Пазников аман-есен табылды. Ол да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.