Ұлттық статистика бюросы еліміздегі әр сала бойынша орташа жалақының тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар екен. Олардың жалақысы — 766 555 теңге.
Орташа жалақы ең жоғары салалар:
Тау-кен өндіру — 766 555 теңге;
Қаржы және сақтандыру — 602 114 теңге;
Ақпарат және байланыс– 541 218 теңге;
Өнеркәсіп — 474 938 теңге;
Құрылыс — 472 084 теңге.
Орташа жалақы ең төмен салалар:
Көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну — 249 425 теңге;
Жылжымайтын мүлікпен операциялар — 234 366 теңге;
Өнер, ойын-сауық және демалыс — 203 031 теңге;
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу — 201 884 теңге;
Ауыл, орман және балық шаруашылығы — 179 388 теңге.
Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер:
Атырау облысы — 618 420 теңге;
Маңғыстау облысы — 509 818 теңге;
Ұлытау облысы — 450 889 теңге;
Астана қаласы — 432 197 теңге;
Алматы қаласы — 390 322 теңге.
Орташа айлық жалақы төмен өңірлер:
Солтүстік Қазақстан облысы — 241 102 теңге;
Жетісу облысы — 246 203;
Шымкент қаласы — 254 202 теңге;
Жамбыл облысы — 254 646;
Түркістан облысы — 257 874
2023 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құраған.