Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан екінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта үндістандық Сачин Сивачпен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта бес төреші жеңісті Махмұдқа бергенімен, екінші кезеңде таразы басы үндістандық боксшыға сәл ауды. Дегенмен үшінші раундта қазақстандық спортшы тізгінді қайта қолға алды.
Осылайша, М.Сабырхан 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Бүгін сондай-ақ қазақстандықтар Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) Ташкент рингіне шығады.