Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазасқтандық спортшы ширек финалға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ширек финалға шыққан боксшылар: Махмұд Сабырхан (54 келі), Санжар Ташкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Бүгін ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Барлық жеті боксшы да шаршы алаңға шығады. Қамшыбектің қарсыласы – өзбек боксшысы Баходир Джалолов. Барлық жекпе-жек Qazsport арнасынан көрсетіледі. Басталуы – 15:00.
Айта кетері, Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз барды. Алтауы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) мен Айбек Оралбай (92 келі).