Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 9 мамырда қызыл ту алып шыққандардың жауапқа тартылмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – ред.) рұқсат. Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді”, – деді министр.
Ахметжановтың сөзінше, полиция қызметкерлері заң шеңберінде қолдарынан келгенді жасады. Ал мұндай әрекеттердің соңы алауыздыққа, қоғамның бөлініп-жіктелуіне апарып соқпас үшін үшін заңға өзгеріс енгізу керек дейді ведомство басшысы.