Алматы облысында марафонға қатысқан адам қайтыс болды.
«Tengri Ultra 2023 марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 км қашықтықты еңсеріп, мәреге жақындаған тұста құлаған. Оқиға орнында кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы интенсивті терапия жүргізген. Алайда ер адам көз жұмды», деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ер адам 1982 жылы туған. Мәлім болғандай "Tengri Ultra 2023" марафоны Іле өзені бойында өткен.