Астананың сол жағалауында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені отқа оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті.
Төтенше жағдай 11 мамыр сағат түскі үштер шамасында болды. Өрт сөндіру бөлімшесіне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысындағы үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына жеткенде салынып жатқан тұрғын үйдің аумағында битум және алдын ала мәлімет бойынша үйдің сыртқы қаптамасы жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау 15:17-де ауыздықталды", - делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.