$ 443.35  475.54  4.82

Бүгін белгілі спорт комментаторы – Амангелді Сейітханның туған күні

Белгілі комментатор спорт шараларын "жеңісті күндерде жолыққанша" деп аяқтайтынымен көрермендер ықыласына бөленген еді.
Фото: Khabar
Фото: Khabar

11 мамыр – қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі, белгілі спорт комментаторы – Амангелді Сейітханның туған күні. Ширек ғасыр өтсе де тікелей эфирде тауып айтқан сөздері әлі де халық аузында жүр. 

Амангелді Сейітхан 11 мамыр 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауылында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде істеп, 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Ол телеарнадағы спорт бөлімінде бас редактордың орынбасары қызметін де қатар атқарды. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды.

1997 жылы «Хабар» арнасына ауысып, осы күнге дейін аталған агенттікте жұмыс істеп келді. Футболдан 1998 жылы Франциядағы Әлем чемпионатында қазақ тілінде комментатор болды. Одан кейін 1999 жылы Бангкоктегі Азия ойындарын, 2000 жылы Сиднейдегі Олимпия ойындарын, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі ақ Олимпиаданы «Хабар» арнасының эфирінде қазақша сөйлетті. 

Амангелді Сейітхан 2000 жылы еліміздегі спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты. 

2019 жылы түсірілген "Бекзат" фильмінде өз-өзін сомдады.

2021 жылы 16 тамызда ауырып көз жұмды.

Белгілі комментатор спорт шараларын "жеңісті күндерде жолыққанша" деп аяқтайтынымен көрермендер ықыласына бөленген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары