$ 447.4  477.55  4.76

Астаналықтар автобустарда тегін интернетпен қамтылды

Қазіргі уақытта Астанада «Wifi Bus» атты сынақ режиміндегі жаңа жоба іске қосылды, деп хабюаралйды Skifnews.kz.

Осыған байланысты қалалық №1 автобус паркі 12 автобусты арнайы модеммен жабдықтаған. Жаңа қондырғы әрбір жолаушының соңғы аялдамаға дейін ғаламтор әлемінде еш кедергісіз отыруына мүмкіндік береді.

Astana.kz сайтының хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл модемдер №10, 12, 28 және 42 автобустарда ғана қосылған. «Smart Astana» департаментінің бас менеджері Айбек Садықовтың айтуынша, жоба қала тұрғындары мен мемлекеттік мекемелер тарапынан қолдау тапса, қаланың барлық автобустары интернетке қосылады.

«Wifi Bus» жобасының енгізілуі қала тұрғындарының сапарын қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде мұндай қолжетімді интернет Нұржол көшесі, «Думан», «Мега», «Ханшатыр» ,«Керуен», «Сарыарқа» СО алдындағы алаңда, елордалық цирк алаңында, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Ғашықтар саябағында бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары